Сенбі, 20 маусым, 19:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46 (2258)
20.06.2026
PDF мұрағаты

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

20.06.2026

54 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

​Бүгін «Достық үйінде» ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Нұртөре Жүсіптің «Жүректегі жапырақ» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Оған облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, Сенат депутаттары Бекбол Орынбасаров, Амангелді Есбай, зиялы қауым өкілдері және оқырмандар қатысты. ​

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

Іс-шарада депутаттар сөз сөйлеп, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының өкілі Қаршыға Есімсейітова кітаптың көркемдік және тағылымдық мәніне тоқталды.

Сондай-ақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері жыр шумақтарын оқып, кеш мазмұнын аша түсті.

Кездесуде Нұртөре Жүсіп оқырманмен пікір алмасып, жаңа туындының жазылу тарихы, ерекшеліктері мен қамтылған тақырыптары туралы айтты. Қатысушыларға кітапты сыйға тартты.

«Жүректегі жапырақта» қоғам, адам тағдыры, ұлттық құндылықтар мен өмір туралы толғаныстар топтастырылған. Автордың өмірден түйген ойлары, замандастары туралы жазбалары мен рухани тақырыптағы эсселері қамтылған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: