Бейсенбі, 13 маусым, 10:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46-2056
11.06.2024
PDF мұрағаты

Үкімет үш қалаға
қаржы бөлді

11.05.2024

242 0

Қыстың көзі қырауда жылу орталығынан ақау шығып, мазасыз күй кешкен кездер талай бастан өтті. Әрине, тозығы жеткен құбырлар құрдымға жетелемей, қайда апарады дейсіз?! Алдағы уақытта ондай күндер де жылы жымиып еске алатын өткінші сәттерге айналмақ. Үкімет бір емес, үш қаладағы жылу көздерін жаңғыртуға 16 миллиард теңге қаражат бөлінді. Бұл қалалардың ішінде Қызылордадан бөлек, Кентау мен Риддер де бар. Айта кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің жағдайын сараптай келе еліміздің жылу электр кешенін ауқымды жаңғырту бойынша тапсырма берген болатын.

Бар мәселе құбырдың түбірінде жатыр. Кеңес үкіметінің көзін көрген жылу жүйелерін уақытылы жаңғырту кезек күттірмес мәселе екенін Екібастұз бен Риддердегі жылу орталығының жарылысы айқындап берген болатын. Міне, енді Үкіметтің шешімі үміт сәулесін жарқырата түскен сыңайлы.
Аталған жоба 1500 МВт-тан астам жаңа қуатты іске қосуға мүмкіндік беретіні айтылуда. Жұмыс басталып та кетті. Премьер-министр Олжас Бектенов Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларындағы жылу көздеріне реконструкция және күрделі жөндеу жүргізу үшін Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды.
Әйтсе де 16 миллиард үш қалаға қалай бөлінеді? Жоба бойынша қаражаттың 9 миллиард теңгесі Кентаудағы №5 жылуэлектр орталығының № 7, 8, 9, 10, 11 және 12 қазандықтарын реконструкциялауға жұмсалмақ. Ал Риддер жылуэлектр орталығының технологиялық жабдықтары мен инфрақұрылымын күрделі жөндеуден жүргізуге 4,9 млрд теңге қаралды. Үшіншісі, қалған 2 миллиард теңгеден астам қаражат Қызылорда қаласындағы оңтүстік қазандықтың үш бу қазандығын жаңғыртуға бөлінбек. Басталған жұмыс тыңғылықты аяқталып жатса, алдағы жылу маусымында үш қалада мәселе болмайды деген жоспар бар.


Дәулет ҚЫРДАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: