Жұма, 22 қараша, 02:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Әнші Дильназ Ахмадиева марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады

01.07.2024

437 0

Сурет: https://www.instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/?

Танымал әнші Дильназ Ахмадиева күйеуінің соққысынан дүние салған марқұм Салтанат Нүкеноваға арнап ән жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі қайғылы жағдайдың өзіне қалай әсер еткенін баяндап берді. 

“Жантүршігерлік жағдай туралы елмен бірге білдім. Мен де жыладым, ұйықтамадым, уайымдадым, марқұм үшін дұға еттім. Менің қолымнан келгені Салтанатқа арнап ән жазу. Айтбек сізге ризамын, алғысым шексіз. Отбасыңызға бұл үлкен ауыр соққы әрі сынақ болды. Сіздерге денсаулық пен күш-қуат тілеймін. Бұл ән жүрекке жетеді деген үміттемін», – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, туындының көңілден шыққанын жарыса жазып жатыр. 

“Салтанатқа арналған орыс тіліндегі әндер бұлай жүрекке жетпеп еді”, “Сөздері керемет екен”, “Марқұмның рухы шалқысын!”, “Керемет туынды болыпты”, “Жылап отырып тыңдадым”, “Марқұмға тыныштық берейікші, ата-анасына көрген ауыр”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: