Бейсенбі, 28 мамыр, 10:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысының қашан басталатыны белгілі болды

28.05.2026

173 0

Фото:  Egemen.kz

Қазақстандағы алғашқы атом электр стансасының құрылысы 2027 жылы басталады. Бұл туралы «Росатом» басшысы Алексей Лихачёв мәлімдеді. Аталған ақпаратты Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігі де растады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Стансаны кезең-кезеңімен, блок-блогымен жүргізетін боламыз. Менің ойымша, бірінші және екінші блоктың арасы 8-10 ай болады. Біздің міндет – 2030 жылдардың ортасына қарай бұл жобаны толық аяқтау», – деді Алексей Лихачёв.

Жоспар бойынша, АЭС 2030 жылдардың ортасында іске қосылады.

ҚР Атом энергиясы агенттігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов құрылыс жұмыстарының 2027 жылы басталатынын растады. АЭС құрылысына қатысты құжатқа 28 мамыр күні қол қою жоспарланып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: