Дүйсенбі, 06 мамыр, 21:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Әнші Сандуғаш Стамғазиеваның Алтынбек Қоразбаевтан екі қызы бар

10.12.2023

700 0

Фото: massaget kz

Әнші Сандуғаш Стамғазиева Алтынбек Қоразбаевпен не байланыстыратынын айтты. Бұл туралы өнер иесі «Менің өмірім» бағдарламасында әңгімеледі, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Сандуғаш Стамғазиеваның сөзінше, Алтынбек Қоразбаевтан екі қызы бар. Алайда екі отбасы екі бөлек өмір сүріп жатыр екен. Оның Алтынай есімді қызы 18 жаста, ал Сафиянұрым есімді екінші қызы 10-сыныпта оқиды. 

«Ол кісіге (Алтынбек Қоразбаевтың әйеліне – еск.) деген көзқарасым өте жақсы. Қайта ол кісіге рақмет айтамын. Бір-бірімізбен кездесіп, бір дастарханда отырмасақ та тілекшімін. Жүздеспедім, бір-бірімізді көп көрген жоқпыз. Алтекеңе деген сыйластығы шығар, бір-бірмізге алагөздік деген жоқ. …Балаларымның әкесінің атына көп дүние айтылады. Маған айтылған сөздер де болды: отбасының ортасына түсу, іріткі салу деген. Жоқ, Құдай сақтасын, оның бәрі пешенемізге жазылып қойған дүние болғандықтан, ең бастысы ешкімді ажыратып алған жоқпын. Әркім өзі отбасымен өмір сүріп жатыр. Балаларына деген көзқарасы да (Алтынбек Қоразбаевтың – еск.) жақсы», – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: