Aqmeshit-aptalygy.kz – 10 ақпанда Астанада жыл сайын берілетін «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Димаш Құдайберген үш дүркін лауреат атанғаны үшін арнайы жүзікпен марапатталды. Бұл туралы «Dimashnews» жазды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
«Халықтың Сүйіктісі» сыйлығы әр жылдары өз қызметіндегі ең сүйікті және танымал танымал тұлғаларға табысталып келеді. 2023 жылғы дауыс беруге 200 мыңнан астам адам қатысқан. Марапатта құрметті және арнайы номинациялар да бар. Биылғы жылы Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдеріне берілген «Алтын ғасыр» құрметті номинациясы «Қаһармандар» республикалық қоғамдық қорының төрағасы Сабыр Қасымовқа берілді.
Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының үш дүркін иегері ретінде арнайы номинациямен марапатталды. «DimashAli» шығармашылық орталығының директоры Қанат Айтбаев құрмет грамотасы мен арнайы сақинаға ие болды.
Димаш барлық үміткерлерді құттықтап, ұзақ жылғы қолдауы үшін халыққа алғысын білдірді.
«Бірнеше жылдан бері «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының иегері атанғаным үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Осы жылдары басқа елдерде, концерттерде, түсірілімдерде болғандықтан мұнда келе алмадым. Осы ретте назарларыңызға шексіз алғысымды білдіремін! Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын!», – деді әнші.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!