Бейсенбі, 02 мамыр, 08:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Халықты төмендетуге жол бермеу керек – Дариға Бадықова

01.02.2024

406 0

Сурет: https://www.instagram.com/dariga_badykova

Танымал актриса, әнші, продюсер Дариға Бадықова өзінің фильмін сынаған адамдарға жауап берді. Бұл туралы  Aq pen qara подкасына сұхбат берген болатын. 

Актриса сын сағатта қолдаған көрерменге алғыс айтты. 

“Жалпы мен туралы кімнің не ойлайтыны маңызды емес. Табиғатымнан сөзге бола қайғырмайтын адаммын. Бірақ менің фильмімді сынап жатқандар жетерлік. Сол кезде маған қолдау білдірген көрерменге алғыс айтқым келеді. Сын сағатында көмекке келіп, фильмімнің көріліміне атсалысты. Соның арқасында сыннан сүрінбей өттік”, – деп бастады әңгімесін актриса. 

Өнер иесінің сөзінше, “мұндай фильм түсіретіндерді соттау керек” деген сөзбен ғана келіспеген. Туындысынан сотқа сүйрейтіндей олқылық көрмеген. 

“Халықты төмендетіп, “деградация, халықтың деңгейінің жеткен жері осы екен” деп айтып жүрген, халыққа уын шашып отырған адамдар бар. Сен кімсің халықты қолыңа қару қылып, манипуляция жасайтын?! Бұл бәріне қатысты, Ермек аға Тұрсынов болсын, басқасы болсын. Мен «кімсің сен?» деп айтар едім. Халықтың деңгейі әлдеқайда өсіп кеткен. Қазір әрбір үйдің теледидарында мыңға жуық арна көрсетіледі. Халық не көретінін өзі біледі. Сонау 90-жылдар емес қой, бар-жоғы үш арнаны көріп отыратын. Сондықтан халықты төмендетіп, өзін биік еткен адамның ісі дұрыс емес. Халық өнерді әртүрлі қабылдайды. Халықта жан бар, жүрек бар, тұрмыс-тіршілігі мен бала-шағасы бар. Халық өзіне керегін алады, керек емесін сызып тастайды. Олар да ақымақ емес. Кез келген адам үйінде жатып ғаламторға кіреді де өзінің қалағанын жанрында фильмін көре алады. Ал біз түсірсек, «мұндайды көрмеу керек, соттау керек» деп шығады. Сотқа сүйрейтіндей қандай кадр көріп тұрсыз?!. “Фильмнен не тәрбие аламыз?!” деген пікір – қате. Мен керісінше, фильмнен “мынандай дүниелерден аулақ болайық” деген түйін жасаса екен деймін”, – деп ақталды өнер иесі. 

Сондай-ақ, актриса сынап жатқан кино саласының мамандарына фильмді өз қаржысына түсіргенін тағы бір мәрте қайталады.

“Мемлекеттен бір тиын алмай, қарызданып, қауқаланып жүріп түсірдім. Бір қызығы, сынап жатқан кісілер мемлекеттен қаржы алып, онысын келістіре алмай, талан-таражға түсірді. Ал қарызданып кино түсіріп жүрген, кино әлеміне енді аяқ басып келе жатқан жас қыздың жұмысын тұншықтырып тастайды. Мен халыққа тек алғысымды білдіремін. Қоғам тарапынан маған қолдау өте көп. Қайталап айтамын, бір-екі адамның сөзіне бола, халықты төмендетуге жол бермеу керек”, – дейді продюсер. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: