Жексенбі, 26 мамыр, 19:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

Қазалыда Әлмәмбет Әлішевтің 85 жылдығына орай танымдық конференция өтті

14.04.2024

264 0

Бүгін Қазалы ауданында КСРО және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазалы ауданының Құрметті азаматы Әлмәмбет Әлішевтің 85 жылдығына орай «Бәйтеректің бұтағы» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен конференцияда аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет қасиетті Қазалы жерінде дүниеге келген Әлмәмбет Әлішевтің өнегелі өмірін өскелең ұрпаққа насихаттау, еске алу мақсатында ұйымдастырылып отырған конференцияның жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың арда азаматтың 85 жылдығына орай жолдаған құттықтауын оқып берді.

Конференция барысында Алматы қаласында тұратын жерлесіміз, Халықаралық ақпараттар академиясының академигі Ермек Зәңгіров «Иірім – тек тереңге тән құбылыс», философия ғылымдарының докторы, Қазалы ауданының құрметті азаматы Баймырза Қожамберлиев «Батыр болып тумайды», ҚР Мәдениет қайраткері, жыршы-термеші Берік Жүсіпов «Қоламтада қалған шоқ» тақырыбында баяндама жасап, жазушының еңбек жолындағы естеліктері жайында сөз қозғады.

Сонымен қатар «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қаршыға Есімсейітова, ҚР Журалистер Одағының облыстық филиалының директоры Қуат Шарабидинов, Қызылорда облысының құрметті азаматы, «РЗА» АҚ-ның президенті Самұрат Имандосов бүгінгі тағылымды шараға орай жүрек жарды лебіздерін жеткізді.

Әдеби-сазды кеште Әлмәмбет Әлішевтің ұрпақтарына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев,
Қызылорда облысының мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов сынды басқа да Сыр өңірінен шыққан белгілі азаматтардың құттықтаулары табысталды.

Айта кетейік, конференция басталмас бұрын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет пен шараға қатысуға еліміздің әр түкпірінен келген қонақтар мәдениет орталығының фоесінде Әлмәмбет Әлішевтің өмір жолынан әзірленген көрмені тамашалады.

Конференция барысында аудан өнерпаздары жазушының шығармашылығынан үзінділерді көпшіліке ұсынып, жас ақындар жазушыға арнаған арнауларында оқыды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: