Сейсенбі, 07 мамыр, 05:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақ актеры Асқар Наймантаев 59 жасында өмірден озды

02.12.2023

877 0

Фото: stan.kz

Қазақтың белгілі актері Асқар Наймантаев өмірден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы актердің достары әлеуметтік желіде хабарлады.

Бұған дейін актер Instagram парақшасында ауруханадан түскен суреттерімен бөліскен еді.
Наймантаев 1965 жылы дүниеге келген.

Асқар Наймантаев – белгілі актер. Ол «Тамаша» ойын-сауық телебағдарламасындағы комедиялық рөлдері арқылы халыққа кеңінен танылды. Сонымен қоса ол «Терісқақпай» және «Аққу-Гәкку» әзіл-сықақ театрларының, кино мен театр сахнасында көптеген есте қалатын образдардың жасаушысы ретінде де ел есінде қалды.

«Бастық боламын», «Шымкенттегі OryStar», «Детектив Әже», «Туысқандар», «Бұйымтай», «Өсекшілер», «Ауылдағы немерелер» комедиялық сериалдарына түскен.

Сонымен қатар Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат», Бақытас Сәнитастың «Тезек» фильмдерінде де басты рөлді сомдаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: