Сәрсенбі, 01 мамыр, 20:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Топас болу қалыпты нәрсе»: Жәния Джуринская қыздарға кеңес берді

10.08.2023

418 0

Отандық актриса Жәния Джуринская желіде оқырман сауалдарына жауап беріп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі қолданушылары актрисадан жас қыздарға қандай кеңес беретінін сұрады. 

“18-20 жастағы қыздарға айтарым, қалағаныңша қыдыр, бірақ тым болмаса бір сағат уақытыңды өзіңді дамытуға арна. Банктен шот ашып, айына 5000 теңге болса да салып тұр, жина”, – дейді Жәния Джуринская.

Сондай-ақ актриса ақымақтықпен алғашқы айлығын неге жұмсағанын айтты. Алайда ол мұнысына еш өкінбейді. 

“Мен алғашқы айлығымды 19 жасымда алдым. 30 000 мың теңгенің 25 000 теңгесіне туфли сатып алып алғанмын. Ол кезде тұратын жерім жоқ, ашпын. Бірақ бұл жаста топас болу қалыпты нәрсе. Бірақ жасың 30-дан асып, басыңда баспанаң, ішерге асың болмаса, жағдайың қиын”, – дейді актриса.

Өнер иесі алдағы уақытта қателікке ұрынбас үшін мықты мамандардан жан-жақты сабақ алатынын айтып қалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: