Дүйсенбі, 07 қазан, 01:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі кино түсірді

05.12.2023

770 0

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі кино түсірді

Фото: Stan.kz

Соңғы кезде өзін продюсер әрі кәсіпкер ретінде таныстырып жүрген Мөлдір Мұқанова жаңа бағытқа бет бұрды. “Аспандағы жұлдыз. Тілек ағашы” атты фильмі көрерменге жол тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Осыдан 5-6 жыл бұрын ММ өнер-білім орталығын ашқан болатын. Айтуынша, фильмге түскен балалардың дені – орталықтың оқушылары. 

“Тағы бір арманым орындалып, тағы бір мақсатым айқындала түсті. Өмірдегі басты миссиям – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Өзімнің 5 балама қарап отырып, қазіргі өсіп келе жатқан балалардан да патриот, ана тілін қадірлейтін азаматтарды көргім келеді. Асхат Садырбайға берген сұхбатымда тілге қатысты айтылған әңгімемнің бір үзіндісі көпшілікке тарап, қазағымның тіл жанашырларына ой салған еді.
Ол жай айтыла салған сөз емес, расымен мені тіл тазалығына, ұлтыма деген махаббатым осы киноны түсіруіме қанат бітірді. Балаларымыздың ютубқа байланып қалғаны жасырын емес, “ютуб қарама, орысша контент қарама, қазақша сөйле деп” баламызға қысым жасай беру – шешім емес, қазақша контент жасауға атсалысуымыз керек. Тамшыдай болса да септігім болсын деп өнерлі оқушыларымен тәрбиелік мәні бар кино түсірдім. Презентациясын кинотеатрда жасап, өзіміз Канн фестивалінен кем болмадық”, – дейді продюсер.

Сондай-ақ өнер иесі қазіргі балалардың қазақ тілінен гөрі орысша көбірек сөйлейтінін де айтып өтті.   
“Орталыққа келген оқушыларымның барлық бала секілді сөйлесу тілі орысшалау еді. Актерлік шеберлік үйірмесі ұстазының еңбегімен тіл тазалығы, сахна тілі сабақтарын өтіп, кастинг арқылы киноға түсіп, көзқарасы да көп өзгерді. Бір баланың болса да, қазақ деген жүрегіндегі махаббатын оята алғаныма өзімді “бақытты қазақ қызы” сезініп отырмын. Жүрегіме сәл де болса тыныштық орнады. “Мен не істей алдым?” деген сұрақтарыма жауап тапқандаймын. Әлі де еңбек етуге, ұлтымды сүюге, ұрпағымыздың патриот болып өсуіне септігімді тигізгім келеді!”, – деп ағынан жарылды. 

Желі қолданушылары сәттілік тілеп, көргендер “Канн фестиваліне қатысатын кино” деп жоғары баға беріп жатыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: