Жексенбі, 05 мамыр, 02:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Үміт пен күдік қатар тұр»: Қыдырәлі Болмановтың денсаулығы сыр берді

30.01.2024

531 0

Фото: https://www.instagram.com/kydyrali_bolman/

анымал продюсер, әнші Қыдырәлі Болмановтың денсаулығы сыр беріп, шетелге емделуге кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаңтар айының аяғында өнерлі жұп Еуропаға кеткен еді. 

“Бұрын бір әзіл әңгімелер болушы еді. “Уа, дүние, бұрын да осындай жарық па едің?!” деген….. Дәл қазір мен үшін бұл әзіл емес. Уақыты келгенде, рет-ретімен жазылып, кітабыма енетін болар. Сол кезде түсінікті етіп, бүге-шігесіне дейін айтып беретін дүние толып жатыр. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Әр пенденің өз өмірі, мінезі, жолы, қиындығы мен қуанышы, тәубесі мен қанағаты, жеңісі мен жеңілісі бар. Бірақ мақсатына жетуі үшін, биіктен құласа да, бар күшін жинап, қайтадан тұруың керек. Қисық-қиралаңы, сайы-тасы, күтпеген жерден шыға келетін кілт бұрылыстары жетерлік. Өмір деген – жол”, – дейді продюсер. 

Сондай-ақ, өнер иесі жуырда жарық көретін тырнақалды туындысы, автобиографиялық кітабында не жазылып жатқанын да жасырмады. 

“Менің кітабым біреуге ақыл айтып, көсемси сөйлеп, жаманымды жасырып, жақсымды асырғанды насихаттамайды. Конькиді әкесінің пимасына сымтемірмен орап, тістеуікпен тартып тастайтын “хоккейст”, ”футбольная поля” дегенді білмейтін, тастардан қақпа жасап, футболдан әлемдік “матч” өткізіп жіберетін, ауыл көлінен басқа бассейн дегенді білмеген балалық шағым туралы жазамын. Менің өмірде жіберген қатем басқаларына сабақ болсын деймін. Қазіргі тілмен айтсақ, бір грамм “мотивация” бергім келеді. Одан кейін көркем фильм түсіргім келеді. Ол енді – бөлек әңгіме”, – деп жазды Қыдырәлі.  

Желі қолданушылары продюсердің жоспарына сәттілік тілеп жатыр. Алайда шетелге емделуге кеткенін де біліп, аман-есен жазылып келуін тілеп жатқан оқырман қарасы көп.

“Шетел асып емделуге кетті десе, көңілшек қазақтың көк дөненіне үміт пен күдік қатар мінгесетін әдеті. Еміңе шипа, деніңе саулық болсын! Қарақат екеуіңді саяхаттан оралғандай күтіп алайық!” – деп жазды журналист Қымбат Әбілдақызы.

“Қазақ өнеріне сіздей азаматтар керек-ақ, денсаулықты күтіңіз” деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: