Сәрсенбі, 17 сәуiр, 20:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

«Жастар» театрында жаңа премьера

21.02.2024

203 0

​Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлының әңгімесінің желісі бойынша театрдың белді әртісі, жас драматург Нұрдәулет Баймаханның “Оң қол” психологиялық драмасы қалың көрерменге жол тартты. Жаңа премьераны қалалық “Жастар” театры сахналады.

Қойылым психиатриялық ауруханаға түскен 21 жастағы Алма туралы. Сұлу бойжеткеннің сырқаты – жан түршігерліктей. Қыз қалың ұйқы құшағына кеткен шақта, оң қолы өзін қылқындырып өлтіруге әрекет жасайды. Дәрігерлер аурудан арылудың сан түрлі амалын жасағанымен, Алманың оң қолына бөгет бола алмайды. Ақырында емдеуші дәрігер қолын кесіп тастау керек деген шешімге келеді. Оқиға емханадағы Мұхтар, Айша есімді емделушілердің тағдырымен шиеленісіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайды. Сонымен қатар, спектакльде өмірге деген құлшыныс, махаббат, қорқыныш пен зұлымдық сюжеттері шебер бейнеленеді.

Премьераның алғашқы күні өте сәтті және әсерлі болды. А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің залына көрермен толы болды, әрине оның басым көпшілігі жастар. Қойылым соңында қала әкімі Серік Қожаниязовтың «Жастар» театрының әртістеріне арналған ықылас гүлі табысталды. Халықтың тік тұрып соққан қошеметінен театр ұжымының еңбегі көрініп-ақ тұрды.

Айта кету керек, қойылымның сахналануына «BI ALI» ЖШС төрағасы Асхат Шәукенбаев демеушілік жасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: