Сенбі, 27 сәуiр, 17:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Жазира Байырбекова болашақ келіні туралы айтты

12.11.2023

674 0

Фото: фотоскрин

Әнші Жазира Байырбекова болашақ келінінің қандай болатыны туралы «Жақсы адамдарым» бағдарламасында айтты.

Өнер иесі ұлы жақсы көрген адамды жылы қарсы алатынын айтты.

«Қазбекке «дәл мендей келін алуға міндетті емессің, өзің жақсы көрген қызды ала бер» деп айттым. «Ашық-шашық киінген қыздан қорықпай-ақ қой» дедім. Ол қыз да бір күн жабылар. Ең бастысы жан-дүниесі сол адаммен тыныш болса, өзін еркін сезінсе болды. Қазбектің  жақсы көрген адамын мен де жақсы көремін. Өйткені, ата-анама ұнаса деп үйленбей біраз жүріп қалуы мүмкін. Ата-анасы үшін бала таңдау жасаудың керегі жоқ деп ойлаймын. Ең бастысы өзіне ыңғайлы болу керек. Қазбекке сенемін», – деді ол. 

Сондай-ақ, қызының мінезі туралы да атап өтті.

«Қызымыз Дара өте ерке. Есімін әжесінің рұқсатымен ағасы Қазбек қойды. Негізі әжесі Айғаным деп қойғысы келген, бірақ осы есімге келісті. Дараны осы уақытқа дейін концерттерге, басқа қалаларға бірге ертіп жүрдік. Үйге қалдырайын десем, кетерде көзіме жас алып, қимай қаламын. Сосын түнде көмекшіме хабарласып, «Дараға да билет алшы, тастап кеткім келмей жатыр» деп тағы билет алуын сұраймын. Қазір үйде қалып үйренді. Балабақша бар әрі сабаққа дайындалу керек», – деді әнші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: