Жұма, 26 сәуiр, 07:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

10 рет атылған оқ. Полиция Лисаковскта болған қайғылы оқиғаның себептерімен бөлісті

13.09.2021

970 0

Өткен сенбіде Лисаковск қаласында болған қайғылы оқиғаның жай-жапсарын Қостанай облысы ДП тергеу бөлімінің адамға қарсы жасалған қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы Артём Ткаченко айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Сол күні қызы мен анасы пәтерінде пластикалық әйнектерді орнатып жатқан. Оқиға жұмысшылар пластикалық терезелерді әкеліп, оларды тасып жатқанда басталған. Ал атыс шығарған күдіктіге не әсер еткенін психологиялық сараптама анықтайтын болады.

Заң қызметкерінің айтуы бойынша, 102 нөміріне 1988 жылы туған жапа шеккен әйелден қоңырау келіп түскен. Әйел анасы екеуіне оқ атқанын айтқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері тез арада жеткен.

«Жалпы алғанда қылмыскер тарапынан 10 оқ, полицейлер тарапынан 8 оқ атылған. Ер адам «Сайга-410″ мылтығынан оқ жұмсаған. Кейін тергеу жұмыстарының нәтижесінде қылмыскер үйінде 50 оқ дәрісін сақтағаны белгілі болды. Олар үлкен аңдарға қарсы атуға арналған. Ол үйде сейф сақтап, дабыл орнатып құжаттар жинаған», – деп мәлімдеді Артём Ткаченко.

Артём Ткаченконың айтуынша, полиция көпқабатты үйдің кіреберісіне кірген сәтте, оқ атқан адам полиция қызметкерінің ескертулеріне жауап бермеген. Полиция өздерін операциялық кеңістікпен қамтамасыз ету үшін көшеге шығуға шешім қабылдайды. 

«Мылтық ұстаған ер адам олардың соңынан еріп атуын тоқтатпаған. Үш полицей шығып келе жатып, тергеуші олардың жолдарын бақылауға алған. Бір уақытта олар қылмыскермен бетпе-бет жолығып қалып, бір-біріне қарсы оқ атқан. Дәл осы сәтте тергеуші иығынан жарақат алады. Осы кезде жүргізуші-полицей тез арада шешім қабылдап, қылмыскерге ұмтылып, қолындағы қаруын қағып жіберіп, самбо әдісімен жерге алып жығады», – дейді Артём Ткаченко.

Полицияның мәліметінше, қылмыскердің қаруының лицензиясы болған. Белгілі болғандай қылмыскер мен оның оғынан мерт болған әйелдің және жараланған қызының арасында ұзақ уақыттан бері келе жатқан жанжал болған. Оқу ату кезінде қылмыскердің әйелі пәтерде болған.

Атыс болған күні ер адам есін толық білген.

Айта кетсек, Қостанай облысындағы Лисаковск қаласындағы тұрғын үйдің кіреберісінде ер адам атыс шығарды. Екі адам жараланып, нәтижесінде біреуі ауруханада көз жұмды. Күдікті ұсталған кезде жарақат алып, кейін реанимацияда көз жұмды. Сондай-ақ жараланған әйелдердің бірі де қайтыс болды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: