Сәрсенбі, 16 қазан, 13:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

14 жастағы қыз өзіне қол жұмсаған

03.10.2024

224 0

Фото: depositphotos.com

14 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады. Оқиға Астана маңындағы ауылда орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде Астана маңындағы Жібек жолы ауылында жасөспірім қыздың асылып қалғаны туралы ақпарат тарады. 

Ақмола облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

«1 қазанда Аршалы аудандық ішкі істер бөліміне Астана қаласының тұрғынынан өзінің Жібек-Жолы ауылындағы үйінің гаражында 2010 жылы туған немере қарындасының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», – делінген полиция хабарламасында. 

Полиция іске қатысты басқа ақпараттардың тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайтынын атап өтті. 

Астана полициясы балалардың қауіпсіздігі үшін тұрғын үй кешендері мен үйлердің шатырларына кіретін есіктердің жабылатынын мәлімдеді. Бұған дейін Астанадағы «Мирас» тұрғын үй кешенінің шатырында жүрген жеті жасөспірім түсірілген еді. 

Әлеуметтік желі қолданушылары балаларды «суицидтік квест» ойнап жүр деп күдіктенген. Алайда Астана полициясы жасөсіпірімдердің қауіпті ойындар ойнап жүргені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Полицейлер балалардың телефондарын ата-анасының көзінше тексерген.

Жасөспірімдердің ата-аналары «балаларына дұрыс қарамағаны үшін» жауапкершілікке тартылған. Полиция департаменті тұрғын үйлердің шатырларына кірулердің шектеліп жатқанын атап өтті.

«Полиция тағы да ата-аналарды балаларының интернет пен әлеуметтік желілер арқылы қауіпті іс-әрекеттерге араласу қаупіне байланысты олардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады», – делінген полиция хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: