Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 16:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Абзал Құспан: Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылар орталықтандырылған, мақсатты түрде жұмыс істеген

14.03.2022

544 0

Барлық өңірде тәртіпсіздіктерге қатысушылармен кездесу нәтижесінде бәріне бірдей ортақ белгілері барын анықтадық. Ол – жаппай тәртіпсіздіктің бір кезеңде басталуы, арандатушы топтың болуы, олардың ортақ бір талаптарының болуы. Бұл туралы заңгер, «Аманат» комиссиясының төрағасы Абзал Құспан Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында айтты.

Оның айтуынша, «Аманат» комиссиясының мүшелері жергілікті прокуратура өкілдерінің көмегімен тергеу изоляторларына кіріп, қамауға алынғандардың жағдайымен таныстқан. Олармен жеке кездесіп, іске қатысты мәліметтерді өз ауыздарынан естіген.

«Прокуратура органдарындағы тергеу ісі материалдарымен таныстық. Нәтижесінде комиссия жергілікті прокуратура өкілдерінің көмегімен 300-ден аса қамауда ортырған адамды босатуға қол жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», – деді Абзал Құспан.

Сондай-ақ ол соңғы үш апта көлемінде комиссия өңірлерге шықпай-ақ өз жұмысын орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдары арқылы жүйелі түрде атқарып жатқанын жеткізді. Бұл жұмыстар Республика бойынша қаңтар оқиғасындағы картинаны білуге және оған қатысты құқық қорғау органдары тарапынан атқарылған жұмыстар мен бірқатар кемшіліктер мен жетістіктер туралы алдын ала қорытынды жасауға мүмкіндік берген.

«Біріншіден, қоғамды мазалайтын ең маңызды сұрақтың бірі – Қаңтар оқиғасы сияқты қырғын қалай орын алды? Терроризм болды ма? Оның ұйымдастырушылары кімдер?, деген төңіректе. Барлық өңірде тәртіпсіздіктерге қатысушылармен кездесу нәтижесінде бәріне бірдей ортақ белгілері барын анықтадық. Ол – жаппай тәртіпсіздіктің бір кезеңде басталуы, арандатушы топтың болуы, олардың ортақ бір талаптарының болуы. Мысалы, бірдей уақытта шеруге шыққандарды облыс, қала әкімдігін басып алуға үгіттеушілер болған. Жекелеген жағдайда құқық қорғау органдарының жедел қимылдамауы, кейде мүлдем әрекетсіздік танытуы», – деді ол.

Сонымен қатар ол Оңтүстік өңірлерде бейбіт шеруге қатысушылар өздері көрмеген, танымайтын әскери тәртіптегі белгісіз адамдардың болғанын айтқан.

«Бұл жағдайлар әу бастау бейбіт басталған митингілерді жаппай тәртіпсіздікке ұластыруға мүдделі топтардың болғанын және олардың орталықтандырылған түрде мақсатты жұмыс істегеніне біздің көзімізді жеткізе түсті»,-деді комиссия төрағасы.

Baq.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: