Ауғанстанның батысындағы Герат қаласында жарылыс салдарынан алты адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті, – деп хабарлайды РИА Новости.
Орталық қалалық аурухананың бас дәрігері Мохаммад Ареф Джалалидің айтуынша, жарылыс Хаджи Аббас ауданында болған. Куәгерлердің бірі көлік жарылғанын, жолаушылар арасында әйелдер мен балалар болғанын айтты.