Мұғалім оқушыға: – Сен үшін үй тапсырмасын неге әкең орындайды? – Анамның қолы тимейді.
***
Ұстаз:
– Балалар, білесіңдер ме, суықта барлық заттың көлемі азаяды, ал жазда керісінше. Кім маған өмірден мысал келтіре алады?
Фариза қолын көтеріп:
– Мысалы, жазғы демалыс қысқы демалысқа қарағанда ұзақ, – деп айтқан екен.
***
Мұғалім оқушыдан:
– Шыңғыс ханның алғашқы жеңіске жеткен жері қайда ?
– «Тарих» оқулығының 92-ші бетінде.
***
Математика сабағы жүріп жатыр. Айдос ағай Мейрамгүлді тақтаға шақырды.
– Сенің колыңда 8 қалам бар. Оның төртеуін достарыңа бердің, өзіңде қанша қалам қалды? .
– Мен оларға бергенше, үйдегі сіңлілеріме бергенім жақсы ғой, – деді Мейрамгүл.
***
Әдебиет сабағы. Оқушылар шығарма жазып отыр. Мұғалім:
– Асан, сен неге қайта-қайта Гүлсімнің дәптеріне үңілесің?
– Жазуын түсінбей жатырмын, апай!
***
Әжесі бес жасар немересіне айтады:
– Құлыным, қарашы, «бип-бип» келе жатыр.
– Әже, қойшы, қайдағыны айтпай. Бұл BMW 325 қой!
***
Анасы Жанарға:
– Жанар, есіңде болсын, бүгін істеймін деген ісіңді ертеңге қалдырма, – деді. Сонда Жанар:
– Мама, ертең жейміз деп қойған тортты неге бүгін жемейміз? – деді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!