Бейсенбі, 25 сәуiр, 05:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Басы бес метр жерде жатқан: Алматы облысында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылды

19.05.2022

1010 0

Алматы облысы Сарқан ауданында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицияның ақпаратына сәйкес, баланың мәйіті Сарқан қаласындағы кірпіш шығаратын зауыттың маңындағы қоқыстан табылған. Алдын ала болжам бойынша, 4-5 жаста. Бойы 90-100 см.

Баланың басы шамамен бес метр жерден табылған. Болжам бойынша, ол қыз бала болуы мүмкін. Қазір мүрде мәйітханаға сараптама жасалу үшін жіберілген.

«Баланың өлі денесі қоқыстан табылғанын растаймын. Сарқан аудандық полициясына бала жоғалды деген шағым түспеген. Бұл іспен полиция айналасып жатыр», – деді Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: