Сенбі, 20 сәуiр, 15:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Дүкенге шабуыл жасалды (видео)

16.06.2021

1263 0

Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкеніне жасалған қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалды. Қарулы қарақшы полицейлер басып кірген сәтте кеудесіне пышақ сұғып үлгерген, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

«15 маусымда таңғы сағат 7-де Гоголь көшесіндегі дүкенге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Белгісіз ер адам 28 жастағы дүкен сатушысын пышақпен қорқытып, сыртқа шығарып жіберген. Осы уақытта дүкенде тағы бір сатушы болған. Ер адам есіктің кілтін талап етіп, кейін нысанды ішінен жауып алған», – деді Нұр-Сұлтан полиция өкілі.

26 жастағы қыз дабыл түймесін басып үлгерген, кейін оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем барған.

Дүкен екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Полицейлер жағдайды бағалап, ер адаммен келіссөз жүргізді.

«Ол ашулы және мас күйде болды. Қарақшының қолында пышақ болды. Ол сатушыны және өзін пышақтаймын деп қорқытты. Полиция дүкенге екінші есіктен кірді.

Күдікті келіссөздерге алаңдаған кезде, жәбірленуші одан қауіпсіз арақашықтықта тұрды. Осы сәтте полицейлер дүкенге басып кіріп, ер адамды ұстады. Бірақ ол кеудесіне пышақ жарақатын салып үлгерді», – деді полицейлер.

31 жастағы қарақшыға медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: