Бейсенбі, 07 қараша, 12:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Екі күн бойы үйіне оралмаған жасөспірім табылды

05.12.2021

821 0

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны арызданды. Белгілі болғандай, оның кәмелет жасқа толмаған ұлы 30 қараша күні сабақтан ауырдым деп шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.

Келеді деген үмітпен ұлының барлық достарына, оқытушыларына,  туысқандарына хабарласып мән – жәйді түсіндіріп іздеу салады. Ата – ананың өздерінің телефон арқылы іздеу салғандарынан нәтиже шықпағандықтан полицейлердің көмегіне жүгінген.

Жоғалған жасөспірімді табуға ПБ-ның бүкіл жеке құрамы мен ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды. Полицейлер қала ішін көліктерімен аралап, учаскелік полиция инспекторлары көшелердің арасындағы қуыстардың барлығын түгелімен тінтіді. Осылайша жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде 16 жастағы жасөспірім бірнеше сағаттардан соң  табылды. Жауап алу барысында 2 күн бойы компьютерлік клубта ойын ойнаған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары баланы аман-есен тауып, ата-анасына табыстады.

Дін аман табылған  жасөспірімнің анасы 102-ге хабарласқан сәттен бастап, бірден іздестіруге кіріскен және кәсібилік пен жеделділік танытқан полиция қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді

        Қызылордалық полицейлері тұрғындарды бала тәрбиелеу кезінде жауапкершілік танытып, көзден таса етпеу керектігін ескертеді. Әр ата-ана өз баласына деген жауапкершілікті жіті түсінгені жөн. Егерде сіздің балаңыз немесе жақыныңыз із-түссіз жоғалып жатса, онда уақыт өткізбей тез арада полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз. Қала полицейлері жоғалған жанды жедел табу үшін іздестіру шараларын атқаруға әрдайым дайын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: