Сәрсенбі, 17 сәуiр, 21:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Ғасыр ұстазы

02.05.2022

567 0

Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде ұзақ жылдар білім саласында қажырлы еңбек еткен математик, ғасыр ұстазы Қадыр Әмзеевтің 85 жас мерейтойы өтті. Салтанатты шараға Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы

Наурызбай Байқадамов пен облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова қатысты. Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Сейітқалиұлы ардагер ұстазға Қызылорда облысы әкімінің «Құрмет» грамотасын табыстады.

Қадыр Әмзеев 1961 жылы Қызылорда пединститутының физика-математика бөлімін бітіріп, Ақмола облысының «Сабынды» орта мектебінде мұғалім болған. 1963 жылы туған жерге келіп, А.С.Пушкин атындағы орталау мектепте және №143, №147 мектептерде мұғалім және директордың оқу істері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Оның оқыту әдісін, педагогикалық жұмыстарды басқару тәжірибесін үлгі етіп, бірнеше рет аудандық, облыстық семинарлар өтеді. Озат тәжірибесі облыстық кадрлар біліктілігін арттыру институты тарапынан зерттеліп, 1965 жылы «Озат тәжірибе көпке ортақ», 1972 жылы «Толық үлгірімге жету жолында», 1987 жылы «Сабақтарға ЭВМ қолдану – өмір талабы» деген плакаттар шығару арқылы, 1990 жылы «Компьютерлік сауаттылық – білімділіктің негізгі шарты» тақырыбымен екі тілде кітапша шығару арқылы облыс мектептеріне таратылған. Ұстаздың оқыту-әдістері жайлы зерттеу мақалалары «Қазақстан мектебі» журналының 1986, 1988, 1989 жылдардағы, «ИФМ» журналының 1992, 1995, 1996 жылдардағы бірнеше сандарында жарық көрді. Республикалық физика-математикалық журнал «Алгорифмнің» әр жылдардағы сандарында оқырмандар үшін тартымды әрі қызықты еңбектері жарық көрді.

Мерекелік шарада ұстазға құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады.

– Сыр бойы халқының атынан бүгінгі 85 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз ұзақ жылдар қиындығы мен қызығы қатар жүрген мамандықтың көш басында тұрған ұстазсыз! Білім керуені көшін бастаған ұлы ұстаз ретінде қандай құрмет көрсетсек те, қалай мақтасақ та жарасады.  Сіздің еліміздің болашағы жастарға білім мен тәрбие беру жолындағы ұстаздық ұлы еңбегіңізді, сали­қалы сөздеріңізді, сабырлы мінезіңізді, ұстазға тән ұстам­дылығыңызды, шеберлігіңіз бен парасаттылығыңызды елі­міздің қоғам белсенділерін тәрбиелеу жолындағы табысты жұмыстарыңызды әрқашан үлгі тұтамыз, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Бақтыбайқызы.

Ұстазды ұлықтау шарасында Қадыр Әмзеевтің сөзіне жазылған әсем әндер айтылды. Сонымен қатар эстарада жұлдызы Қыдырәлі Болманов ардагер ұстазды мерейтойымен арнайы құттықтап келді. Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың өнерімен жалғасты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: