Бейсенбі, 28 наурыз, 18:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Киік атқандар ұсталды

07.12.2020

1389 0

Кең даланың киесі атанған киіктерді  аяусыз  ату деректері тыйылмай тұр.   Қаскөйлер құрып кетуге жақын тұрған киіктерді атып, бас пайдасына жаратып, оңай олжа іздейді.

 Жуырда Сыр өңірінде тағы бір заңсыз аң аулау дерегі орын алды. Қызылордалық полицейлер облыс көлемінде өтіп жатқан «Киік» шарасы барысында 5 желтоқсан күні кешкі уақытта күдікті автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан атылған киік анықталды.

Күдікті көлік жолаушысына қатысты қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339 – бабының 2-бөлігімен  (339-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары басталды.  Қажетті сараптамалар тағайындалды.

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: