Сәрсенбі, 24 сәуiр, 05:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Көріпкел жоғалған қостанайлық бес жасар қыздың қайда жүргенін айтты

10.08.2022

3485 0

Танымал эктрасенс Кямран Самедов із-түссіз жоғалып кеткен 5 жасар қыздың қайда жүргені туралы болжамын айтты. Оның айтуынша, Мәдина айдалада адасып жүр, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы экстрасенс Кямран Самедов өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Онда көріпкел қостанайлық қыздың айдалада адасып жүргенін айтқан. Оның ойынша, қыз аутизмге шалдыққан екен. Ерекше диагнозы бар баланы іздеу үшін Камрян кинологтарды іске қосу керек дейді.

«Менің де екі қызым бар. Мұны мен бір Алланың разылығы үшін ғана жасап жатырмын. Маған қыздың фотосын көрсеткенде, мен бірінші тыныштықты сезіндім. Кішкентай бүлдіршін далада адасып жүр. Ерікітілерге хабарласып, сезген дүниемді айттым. Бала далада аш отыр, әбден шаршаған. Полицейлерге айтарым, далаға жарық түсіретін шамдарды көбірек жағыңыздар, кинологтардың көмегіне жүгіну керек. Қыз аутизммен ауырады, бұдан бөлек ол қатты шошынып қалған. Іздеңіздер, табылып қалады», — деді Кямран Самедов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: