Жексенбі, 08 желтоқсан, 02:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

LRT – жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жоба – Президент

11.01.2022

665 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында елордадағы ЛРТ құрылысы туралы пікір білдірді.

«Көпшілікті, әсіресе елорда тұрғындарын ашуландыратын тағы бір мәселе – ЛРТ құрылысы болып отыр. Ол кәдімгі инфрақұрылымдық жобадан елдің абырой-беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. Қазірдің өзінде орасан зор қаражат жұмсалды, қарыздар тартылды, шетелдік әріптестер алдында ауқымды келісімшарттық міндеттемелер қабылданды. Бұл жоба бастапқыда-ақ үлкен қателік болды, оны мойындау керек. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жоба», деді Қ. Тоқаев.

Мемлекет басшысы енді оңтайлы шешім қабылдау қажеттігін айтты.

«Себебі оны жай ғана бұза салу уақыт пен ақшаны жоғалтуды білдіреді. Демек, отандық және шетелдік сәулетшілер мен урбанистерді шақырып, жобаны іске асырудың ықтимал нұсқаларын анықтаудан басқа жол жоқ», деді Президент.

Egemen.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: