Жексенбі, 08 желтоқсан, 11:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысы: Бұл алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі

11.01.2022

532 0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс отырысында еліміз душар болған ауыр қасіретке бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі деп баға берді.

Оның айтуынша, Қазақстан Тәуелсіздік тарихында алғаш рет аса күрделі және қиын кезеңге тап болды.

«Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз керек. Сондықтан еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру алдымызда тұрған өте маңызды міндет», – деді Тоқаев.

Президент бүгінде халық арасында осы оқиғаға байланысты түрлі қарама-қайшы, шындыққа жанаспайтын, жалған ақпараттар тарап кеткенін атап өтті.

«Мұның бірнеше себебі бар. Кейбір азаматтар ахуалдың мән-жайын білмей тұрып, қате пікірде болса, кейбірі әдейі ақпаратты бұрмалап, жағдайды одан бетер ушықтырады», – деді ол.

Алайда, президенттің айтуынша, халыққа ақиқат қана керек.

«Сол себепті оқиғаларды мұқият зерттей отырып, айтарым: жыл басынан бері орын алған барлық жағдай бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар. Ашығын айтқанда, бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені өздерінің қатігез пиғылын іске асыру болғаны айдан анық», – деп түйіндеді Тоқаев.

Айта кетейік, елдегі тәртіпсіздіктерден кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр қызметіне Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды. Мәжілістегі үш фракция да оның кандидатурасын мақұлдады.

Sputnik.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: