Дүйсенбі, 04 қараша, 10:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Нью-Йоркте халыққа жаппай оқ атты: Оқиғаның мән-жайы айтылды

15.05.2022

911 0

Соңғы мәліметтер бойынша, Американың Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласында орналасқан супермаркет аумағындағы атыс салдарынан он адам көз жұмды. Полиция мұны нәсілдік жеккөрушілік негізінде жасалған қылмыс деп санайды. Оқиға орнында 18 жастағы ер адам ұсталды. Полиция оның атын әлі атаған жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 

Күдікті сенбі күні түстен кейін супермаркетке кіріп, адамдарға оқ жаудырған. Полицияның айтуынша, ол жасаған шабуылын онлайн режимде трансляциялау үшін камераны қолданған.

«Біз бұл оқиғаны жеккөрушілік қылмыс ретінде және нәсілдік сипаттағы зорлық-зомбылық экстремизмі ретінде тергейміз», – деді ФБР-нің Буффалодағы өкілі Стивен Белонгия баспасөз мәслихатында.

Күдікті қара нәсілді адамдар тұратын қаланың ауданына жету үшін бірнеше сағат жүрді деп болжанып отыр. Буффало полиция комиссары Джозеф Грималдидің айтуынша, зардап шеккендердің көпшілігі африко-америкалықтар. 

Сондай-ақ супермаркеттің барлық қызметкерлері жарақат алды.

Супермаркетте күзетші болып жұмыс істеген отставкадағы полиция қызметкері шабуылдаған жігітке оқ атуға тырысқанмен, өзі ажал құшты. 

Полиция мергеннің қуатты мылтықпен қаруланғанын, оның үстінде бронежилет пен дулыға киіп алғанын хабарлады. Оқиға орнына полицияның қосымша жасағы келгеннен кейін де ер адам олармен қақтығысқа түсуге тырысты. Бірақ кейін қаруын тастап, беріліп, қамауға алынды.

Сот оған сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бірнеше күннен кейін азамат бірінші дәрежелі кісі өлтірді деген айыппен сотқа келеді деп күтілуде. Ол мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін (Нью-Йорк штатында өлім жазасы жойылған).

Си-би-эс-ке берген сұхбатында полиция шабуыл кезінде ер адам нәсілдік негіздегі қорлау сөздер айтып, айқайлағанын мәлімдеді. 

Буффало мэрі Байрон Браун журналистерге: “Бұл кез келген қауымдастық кездестіруі мүмкін ең жаман қорқыныш, біз қазір азап шегіп жатырмыз, қапалымыз», – деді.

«Біз бұл зұлымдықтың біздің қауымдастығымызды немесе елімізді бөліне жол бере алмаймыз», – деп қосты ол.

Нью-Йорк губернаторы Кэти Хоукул бұл оқиғаны «зорлық-зомбылықтың жеккөрінішті әрекеті»деп атады.

Буффалодағы оқиға туралы АҚШ президенті Джо Байденге де хабар берілді. 

«Президент пен бірінші ханым қайтыс болғандар мен жақындары үшін дұға етеді», – делінген Ақ үйдің хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: