Сәрсенбі, 16 қазан, 05:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Ол өмірден өткенде әйелі егіз босанды (ВИДЕО)

21.04.2021

2295 0

Ақмола облысында 26 жастағы жігіт батпаққа батып мерт болды Ақмола облысында батпаққа батып кеткен жүк көлігінің тізгінінде 26 жастағы жолаушы болған. Елордадағы жеке компаниялардың біріне тиесілі көліктің жүргізушісі оқиға болған кезде сол жерде сыртта жүріпті. Бұл туралы JasQazaq ақпарат агенттігі хабарлады.

Нұрсұлтаннан Шортандыдағы құм карьеріне шыққан бес жүк көлігі батпақты жолмен өтіп кетіп, біреуі батып қалған. Сөніп тұрған көлікті трактормен жұлқи тартқан кезде жиектегі тереңдігі 2 метрдей суға ауып құлаған. Осы сәтте салонда жолаушы жігіт болған. Апат орнында болған бірнеше адам оны құтқаруға ұмтылған. Бірақ батпаққа тұншыққан жолаушы сол жерде көз жұмыпты. Дәл сол күні оның егіз сәбиі дүние есігін ашқан екен. «Альстрой Транс групп» фирмасының басшылары марқұмды мүлдем танымаймыз деп отыр. Кездейсоқ жүрген адам болғандықтан, арнайы инспекция да ешқандай шара қолданылмайды деп отыр. Осы оқиға бойынша полиция тергеуді бастады.

Әсемгүл Кочубаева, Ақмола облысы ПД басқарма тергеушісі:

— Жолды ағын су шәйіп кеткен. «Шансиманды»тартқан кезде ауыр жүк көлігі бір жағына ауып кетіп, ондағы азамат кабинадан шыға алмай қалған. Марқұмның денесі Нұрсұлтан қаласына мәйітханаға жіберілді. «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: