Бейсенбі, 07 қараша, 11:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Ота жасады: Ақтауда алаңда ойнап жүрген бала бауырын жарып алды

05.07.2021

1513 0

Сегіз жасар бала аулада ойнап жүріп бауырынан ауыр жарақат алды. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баланың анасы айтқандай, 24 маусымда кешкі сағат он шамасында ойын алаңында ойнап жүрген бала әткеншекке соғылған. Осыдан кейін баланың іші қатты ауыра бастайды.

Келесі күні таңертең ерте бала ауруханаға жеткізілді, оған бауырдың терең жарылуы диагнозы қойылды. Оның іш қуысында қан ұйыған.

Балаға жедел ота жасалды.

Дәрігер Насукан Отарғазиевтің айтуынша, ота сәтті өтті. Ол мұндай жарақаттар өте ауыр және асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін екенін баса айтты.

Қазіргі уақытта бала өзін жақсы сезінуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: