Сейсенбі, 23 сәуiр, 14:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым

23.04.2024
PDF мұрағаты

Полицейлердің көмегімен жоғалған бала табылды

20.05.2021

1160 0

17 мамыр күні сағат 10:50-де Қызылорда қалалық Полиция басқармасына немересінің жоғалып кеткені туралы жергілікті тұрғын арызданған.

Оқиға барысы, 16 мамырда келіні 7 жасар ұлымен бірге қонаққа келген. Бала әжесінің үйінде қалуды жөн көреді. Келесі күні таңертең такси жүргізушісіне нақты мекен-жайын көрсетіп, әйел немересін көлікке отырғызып, анасына жіберген. Шамамен бір сағаттан кейін келініне қоңырау шалған арызданушы, баланың үйге әлі келмегенін біліп, дереу 102 арнасына хабарлама түсіреді.

Аталған дерек бойынша іздеу шаралары дереу ұйымдастырылды. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының барлық жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, баланы іздеуге бағытталған. Баланы барлық жерден іздеген полицейлер, үй маңайындағы барлық жерді тінтіп шыққан.

Іздестіру жұмыстары аясында анықталғандай, такси жүргізушісі көрсетілген мекен-жайды таппай, баланы әжесі отырғызған жерге қайта апарып тастаған. Осылайша жасөспірім бала үйді шатастырып, жоғалып кеткен.

Ювеналдық және криминалдық полиция қызметкерлерінің, учаскелік полиция инспекторлар мен патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің нәтижесінде бір сағат ішінде кәмелетке толмаған бала табылып, анасына аман-есен тапсырылды. Баланың анасы полицейлерге қызметі мен жеделдігі үшін шын жүректен алғыс айтты.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: