Сенбі, 07 желтоқсан, 22:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қамбаш: Елді мекендерге төнетін қауіп жоқ

30.03.2022

898 0

Арал ауданына қарасты «Қамыстыбас» көлінде қатты желдің әсерінен су деңгейі көтеріліп, мұз қабаты 25-30 метрге дейін жағаға ығысқаны белгілі болды. Салдарынан «Аққұмшық» жағажайындағы 6 демалыс үйі мен көше жарықшамы зақымдалған. Қазіргі таңда арнайы тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Бауыржан Ізбасаров хабарлады.

«Кеше орын алған оқиға бойынша зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Зақымдалған демалыс орындары бойынша арнайы тексеріс жүргізілетін болады. Бұл жұмыстар жауапты сала мамандарының бақылауында. Қазіргі таңда елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Былтыр тамыз айында «Бұрмақұлақ» учаскесі бөгеліп, Аспай су ағытқысы іске қосылған болатын. Нәтижесінде Қамыстыбас көлі өз арнасына келді», – деді Бауыржан Ізбасаров.

Сала мамандарының айтуынша, Қызылорда облысына келіп жатқан судың мөлшері – 610 метр секунд. Ал Шардара су қоймасына 1000 текше метр су жіберілуде. Қазіргі уақытта Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесінде су толу көрсеткіші жобалық деңгейде.

«Қамыстыбас көлдері жүйесіне каналдар арқылы – 387 млн.текше метр су жіберілсе, Ақшатау көлдер жүйесіне – 478 млн.текше метр су жіберілді. Көктемгі су көлемінің ұлғаюына байланысты Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 1300 текше метрге дейін тасталуда. Осыған орай, уақытша мол суды құрғақшылықтың алдын алу мақсатында барлық аудандардағы каналдар арқылы көлдер жүйелері мен шабындық жайылымдыққа алып қалуға тырысудамыз. Тиісінше Қызылорда су торабының төменгі ағысына секундына 600-650 текше метр су өтеді деп күтілуде», – деді «Қазсушар» ШЖҚ РМК Қызылорда филиалы Су шаруашылығы нысандарын пайдалану бөлімінің басшысы Айдос Асанбаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: