Сенбі, 20 сәуiр, 08:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қарағандылық азаматтар бір-бірін пышақтаған (видео)

25.03.2021

7906 0

Қарағандыдағы Майқұдық шағынауданында ер адам көшеде адамдардың көзінше танысын пышақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Майқұдық шағынауданындағы тұрғын үйлердің ауласында, өтіп бара жатқан адамдардың көзінше болған болған. Екі ер адам мен әйел жанжалдасып қалған.

Куәгерлердің бірі оқиғаны видеоға түсіріп алған. Онда бір ер адам мен әйелдің жерде жатқанын көруге болады. Ал үшіншісі – ер адам олардың жанында тұрып, шалбарын шешіп, әрі-бері өткендерге аяғына алған жарақатын көрсетуде.

«23 наурызда сағат 16.30-да Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны жанжал барысында 34 жастағы танысына пышақ жарақатын салған. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын ізін суытпай анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Дереккөз: stan.kz/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: