Сенбі, 07 желтоқсан, 18:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қарыз сұрау

03.04.2022

947 0

Белгілі сыншы, әдебиетші Баламер Сахариев сөзге шешен, тапқыр, әзілқой адам болған екен. Ол «Балдырған» журналының редакциясына жиі келіп тұратын болса керек. Бірде Мұзағаң түскі асқа барып келсе, бөлмесінде Баламер отыр екен, амандық-саулықтан соң ол:

 – Мұзаға, сізге өлең жазып қойдым, – деп екі жол өлең жазылған қағазды ұсына береді. Мұзағаң оқып қараса:

«Ауылымның қонғаны КИЗ-де деймін,

Бір өзіңнен басқаны іздемеймін» – деп емеурінмен қарызға ақша сұрапты. Көктем айының кезі болса керек. Сонда Мұзағаң қуақылана жымиып:

«Бұл күнде қалтамыздың түбі тесік,

Айналып бір соғарсың күзге дейін»  – деп әзілмен жауап беріпті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: