Сейсенбі, 30 сәуiр, 18:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды

24.03.2022

709 0

Боран мен жолдың көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар бірқатар тас жолда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Атап айтқанда:

Ақмола облысы бойынша

«Жезқазған-Петропавл» а/ж 377-440 шақырымы, Қостанай облысы шекарасы мен Державинск қаласы аралығы.

Павлодар облысы бойынша

«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» а/ж 200-254 шақырымы, Шідерті мен Ақмола облысы шекарасы аралығы;

«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» а/ж 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысы аралығы.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» а/ж 707-941 шақырымы, Аягөз қаласы мен Бұғаз ауылы аралығы.

Қарағанды облысы бойынша

«Жезқазған-Петропавл» а/ж 142-252 шақырымы, Сарлық ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығы.

Қостанай облысы бойынша

«Жезқазған-Петропавл» а/ж 252-340 шақырымы, Қарағанды облысы шекарасы мен Арқалық қаласының аралығы;

«Жезқазған-Петропавл» а/ж 340-377 шақырымы, Арқалық қаласы мен Ақмола облысының аралығы.

ИИДМ ақпаратынша, қазіргі таңда қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс жүргізілуде. Қазавтожолдың 1090 бірлік қысқы техникасы мен 3500-ден астам қызметкері жұмылдырылды.

Соңғы бес күн ішінде Қазавтожол қызметкерлері 100-ден астам көлікке көмек көрсетті. Олардың 37-сі жылы бокстарға жеткізілсе, 500-ден астам жолаушы жылыту пунктеріне орналастырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: