Бейсенбі, 10 қазан, 04:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Қоқысқа лақтырмақ болған: Қарағандыда пәтерден бөлшектелген мәйіт табылды

11.03.2021

1429 0

Қарағандыда Университетская көшесіндегі пәтерлердің бірінде зорлық-зомбылық белгілерімен 36 жастағы ер адамның денесі табылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталған.

Оның 33 жастағы қала тұрғыны екені анықталып отыр.

Ол танысымен пәтерде ішімдік ішіп отырып, сөзге келіп қалғанын, жанжалдың соңы адам өлтірумен аяқталғанын айтқан. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. 

Бірқатар БАҚ мәйіт бөлшектелгенін жазуда. Күдікті денені қоқысқа лақтыруға әзірлеген.

Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес («адам өлтіру») қылмыстық іс тіркелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: