Бейсенбі, 28 наурыз, 19:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қостанайлықтар жоғалған қыздың ерекшелігіне байланысты іздеу тактикасын өзгертті

10.08.2022

843 0

Қостанай облысының полиция департаменті қызды іздеу шарасы баланың ерекшеліктерін ескере отырып, тыныштық режимінде жүргізіліп жатқанын хабарлады. Аумақты тінту бағыты өзгерді.

Бұған дейін бес жасар Мәдинаны Тобыл өзенінің бойынан іздесе, енді із кесушілер Тобылдан Жамбыл ауылына қарай бағыт алады.

«Түнде жылу таратқышы бар арнайы бөлімшелер жұмыс істеді, барлау тактикасы қолданылды. Таңертең төрт бағытта 100 шақырымға дейін созылған іздеу аймағын айналып өту қайта басталды», – деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Қостанай облысының Жамбыл ауылында 7 тамызда таңертең бес жасар қыз жоғалып кеткен еді. Баланы 18 бен 13 жастағы үлкен әпкелері қарап қалған, олар таңертең оянған кезде қыздың үйде жоқ екенін байқаған. Полицияны қыздың анасы шақырды.

10 тамыз күні жедел штаб азық-түлік пен сусынға шар байлап, тастап кету туралы шешім қабылдады. Бұл бір жағынан, іздеу жүйелеріне арналған сигналдық белгі болса, екінші жағынан, қыздың назарын аударуы мүмкін.

Қызды жанашыр азаматтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан, ШҚ, ҚР ҰҚКД әскери қызметшілері, кинологтар, полицейлер, ТЖД және басқа да құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері іздеп жатыр.

СН.КЗ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: