Жұма, 29 наурыз, 11:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қожа мен қожа заменитель

03.04.2022

868 0

Қалтай   Мұхамеджанов   «Ара»   журналының    Бас  редакторлығынан  кетіп,  халықаралық  «Түркістан»  газетінің  бас  редакторы болып тағайындалады. «Генерал   болуды   армандамаған   солдат – солдат  емес» дегендей,  қолына  қалам  ұстаған  біраз  қаламгерлер  сол бос орынға отыруға  жанталасып  бағады.  Олардың  арасында  «Ара»  журналының  жауапты   хатшысы   Көпен  Әмірбек   те  болса  керек. Бірақ «Қуған жетпейді,  бұйырған  кетпейді»  демекші, «Ара»  журналының  бас редакторы  болып  белгілі  сыншы  Сайлаубек  Жұмабеков  тағайындалады. Көп  уақыт өтпей,  әлгі  қызметтен  дәмелі  болған  Көпенге  жора-жолдастары  жолығып  қалып:

– Көпен,  «Ара»  журналының  бас редакторлығына лайық бір адам болса, сол  сен  едің.  Қалай,  жайлы  орынға  жайғастың  ба? – деп сұрайды.

Сонда  Көпен:

– Қожа  кетіп,  оның  орнына  Қожа заменитель келді ғой, – деген екен Қалтай  Мұхамеджановтың  руы  қожа  екенін  меңзеп.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: