Сенбі, 26 қазан, 02:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
85-2095
25.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

16.06.2021

2490 0

Жаңақорғандағы жаппай төбелес түсірілген видео желіде тарады. Қызылорда облысының полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрлардан қараңғыда адамдардың көшеде айқайлап жүгіріп жүргенін көруге болады. Кейбіреулері белгісіз заттарды лақтырып жатқаны байқалады.

Қызылорда облыстық полиция департаменті 15 маусымда түнгі сағат екіде Жаңақорған ауданында белгісіз біреулер тас лақтырып, автотұраққа қойылған көлікті зақымдағанын хабарлады. Сонымен қатар автотұрақтың жанындағы ғимаратта орналасқан дүкенге материалдық залал келтірілген.

«Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті аудан тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді. Сонымен қатар аудандық полиция бөліміне 10 азамат жеткізіліп, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ешкім дене жарақатын алмаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының «Бұзақылық» қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда», – деп хабарлады ведомствода.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: