Жексенбі, 19 мамыр, 09:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында Сырдария жағалауынан ер адамның мәйіті табылды

17.04.2022

561 0

Қызылорда облысының Жалағаш ауданы тұсындағы Сырдария өзені жағалауынан белгісіз ер азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Мәйіт ұзақ уақыт суда жатып қалған. Осыған байланысты табылған мәйіттің жеке басын анықтау үшін тиісті сот сараптамасы тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректерін жария етуге жол берілмейді», – деп мәлім етті департаменттен.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бақылауында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: