Жұма, 19 сәуiр, 06:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласында кәріз станциясында екі жұмысшы уланып көз жұмды

15.09.2022

782 0

Қызылорда қаласында кәріз станциясында екі жұмысшы уланып көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға бүгін, 15 қыркүйекте облыс орталығындағы Қыдыров және Нұрмақов көшелерінің бойында болған.

Бұл жөнінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 1.29 шамасында хабар келіп түскен.

«Оқиға орнына барғанда кәріз станциясында тереңдігі 2 метрге жуық шайынды судың толтырылғаны анықталды. Онда 1957 және 1968 жылғы азаматтардың белгісіз жағдайда газдан уланып, көз жұмғаны белгілі болды. «Қызылорда су жүйесі» мекемесінде жұмыс істейтін екі адамның жеке қорғаныс құралдары болмаған. Оқиға орнында жедел құтқару жасағынан 1 техникамен 5 құтқарушы барды. Мамандардың күшімен мәйіттер сыртқа шығарылған», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: