Жексенбі, 19 мамыр, 01:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада бассейнге батып кете жаздаған 10 жастағы бала құтқарылды

10.07.2022

523 0

Қызылорда қаласында бассейнге суға түсіп, батып кете жаздаған 10 жастағы бала құтқарылды. Қазір баланың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Оқиға 9 шілдеде сағат 12.50 шамасында болған. Қызылорда қаласындағы «Арай» аквапаркіне суға түспек болған 10 жастағы баланың бассейндегі суға батып кете жаздаған.

«Аквапарк құтқарушылары баланы дер кезінде судан шығарып үлгерген. Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр екенін айтады», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті суға түсу кезінде барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырып отыр.

ҚазАқпарат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: