Жұма, 29 наурыз, 19:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада канал маңында соқтығысқан екі көліктің бірі суға батып кетті

19.07.2021

873 0

ҚазАқпарат – Қызылорда қаласында «Шіркейлі» каналының тұсында екі көлік соқтығысып, біреуі суға түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін, 19 шілдеде Қорқыт ата әуежайына баратын тасжол бойындағы «Шіркейлі» каналының тұсында болды. «Toyota Camry» және «Daewoo Nexia» жеңіл автокөліктері соқтығысқан. «Жол-көлік оқиғасынан «Toyota Camry» автокөлігі каналға түсіп кеткен. «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Орын алған жол-көлік оқиғасының себеп-салдары анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Әлеуметтік желіде суға құлап кеткен көлік ішінде екі адамның болғаны айтылуда. Еске сала кетсек, бұдан бұрын балық аулауға шыққан азамат Сырдарияға батып кеткен еді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепованың хабарлауынша, оқиға орнында жедел құтқару жасағының 14 құтқарушысы 4 техника және 2 суға жүзу қайығымен барып, іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: