Жұма, 26 сәуiр, 22:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада көп қабатты үйдегі өрттен 14 адам құтқарылды

14.05.2021

2004 0

Қызылордада көп қабатты үйде болған өртте 13 адам қауіпсіз жерге шығарылып, өздігінен жүре алмайтын 1 адам құтқарылды.

Оқиға бүгін, 14 мамырда сағат 10.58-де болды. Сол уақытта Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар келіп түсті. Онда облыс орталығындағы Абай даңғылы бойындағы №48 үйдің бесінші қабатындағы екі пәтердің балконы жанып жатқаны жөнінде айтылған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жылдам жетті. Барлау жұмыстарынығ нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел және біріккен іс-қимылының нәтижесінде жоғарғы қабаттан барлығы 13 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың 2-і бала. Сондай-ақ, өрттен өздігінен жүре алмайтын бір азаматша құтқарылды. Өрт сағат 11.10-де оқшауланып, 11.18-де толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: