Сейсенбі, 04 қазан, 12:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79 (1884)
04.10.2022
PDF мұрағаты

Қызылордада өрттен 15 адам құтарылды

21.02.2022

268 0

Қызылорда қаласы «Шұғыла» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің пәтерінен өрт шықты. Яғни, оқиға 20 ақпан түнгі сағат 03.09 минут шамасында №43 үйдің 5-қабатындағы 37 пәтерде орын алған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Нұрсұлтан Ибрагимов мәлімдеді.

«Өрт сөндірушілер 5-ші қабаттан баспалдақ арқылы алты ересек, үш жасөспірімді құтқарды. Сонымен қатар, 03 сағат 26 минутта арнайы автосатысынан балкон арқылы №38 пәтерден 2 ересек, 3 жасөспірімді шығарды. Көршілес орналасқан пәтерлерді қоса алғанда барлығы 15 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Айта кететін жайт, қонақ бөлмедегі барлық тұрмыстық заттар, ас бөлменің есігі мен терезесі, кіре беріс бөлме есігі түгелдей жанған. Қызметкерлер 27 литрлік газ баллонын қауіпсіз жерге қойды», – деді Н.Ибрагимов.

Төтеншеліктердің айтуынша, тұрғын үйдің барлығы табиғи газға қосылмаған, газ баллонын пайдаланған. Ал, өрт орын алған пәтер жалға беріліп келген. Осыған байланысты бүгінде қылмыстық іс қозғалды.

Тағы да оқыңыз: