Бейсенбі, 18 сәуiр, 19:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада қоғамдық көлік өртенді (ВИДЕО)

01.02.2022

600 0

Бүгін әлеуметтік желіде Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктің өртке оранған видеосы тарады. Бейнеден автобустың қалың өртке оранғаны және оқиғаның шамамен сол жағалауда болғаны байқалады.

 1 ақпан күні  Қызылорда қаласында сағат 13:37 шамасында сол жағалау көпірінің жанында «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не тиесілі №1 автобустың толығымен жанып кетті. (автобустың маркасы – Zhong Tong Bus).

13:49-да өрт оқшауланып, 13:53-те жойылды. Автобус ішінде 16 жолаушы болған, барлығы автобустан өз бетінше шыққан, зардап шеккендер жоқ.  Өрттің шығу себебі анықталуда.  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 9 қызметкері және 3 бірлік техника оқиға орында болып, қызыл жалынды өшіруге үлес қосты.

Бейнематериалдың сілтемесі: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=756962775321007&id=100030218730489

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: