Жұма, 29 наурыз, 11:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жеті жасар бала бассейнге батып, көз жұмды

20.12.2021

898 0

Қайғылы жағдай облыстық спорт басқармасына қарасты Евразия спорт кешенінде болған,- деп хабарлайды  Экспресс К.

Жеті жасар бала спорт кешеніне анасымен бірге келіпті. Алайда кешен қызметкерлері марқұм болған жеткіншектің анасын бассейнге кіргізбеген. Баланы жаттықтырушылар алып қалыпты. Бірақ бала суға батып жатқанда, жаттықтырушы да, инструкторлар да сол жерде болған. Алайда неліктен дер кезінде көмек көрсете алмағандары түсініксіз.

Спорт кешені директорының айтуынша, бассейнді бақылауға арналған камералар да оқыс оқиға кезінде жұмыс істеп тұрған. Қазір осы іске байланысты құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр.

Біздің өзіміз де комиссия құрып, соны тексеріп жатырмыз. Ішкі істер басқармасы да тергеуге алды. Жаттықтырушылар сол жерде болуы тиіс еді. Қызметкерлер заңның алдында жауап береді,- дейді спорт кешенінің директоры.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: