Жұма, 29 наурыз, 17:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жол апатынан екі жедел жәрдем қызметкері көз жұмды

31.08.2021

709 0

Қызылорда қаласында жол апаты орын алып, жедел жәрдем қызметкерлері көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 29 тамыз таңғы сағат 05:46 шамасында Қызылорда қаласында орталық көшелердің бірінде болды. «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің жүргізушісі көліктің басқару жүйесіне ие бола алмай, бағдаршам алдында тоқтап тұрған жедел жәрдем автокөлігіне соққан.

«Жол-көлік оқиғасынан екі адам медициналық мекемеде көз жұмды. Тексеру барысында «Toyota Land Crusier» автокөлігінің жүргізушісі орта дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды. Бұл азамат 2016 жылғы қараша айында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 6-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген ПД хабарламасында. 

Полиция мәліметінше, «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің жүргізушісі Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Облыс орталығындағы №5 емхана ұжымы фельдшер Жадыра Омарова және жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Бақытжан Маенов қызмет бабында қаза тапқанын хабарлады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: