Сенбі, 18 мамыр, 20:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордадағы тұрғын үйде жарылыс болды

20.10.2022

498 0

Қызылорда облысында тұрғын үйде табиғи газдың іркілісінен жарылыс болды.

Оқиға 19 қазанда сағат 22:44-те Қазалы қаласындағы Алтынсарин көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйдің кіреберіс бөлігінде тіркелген. Ол табиғи газдың ағуы салдарынан өртсіз және бұзылусыз болған.

«Оқиға салдарынан екі адамды күйік шалды. 1989 жылғы азаматтың басы мен оң қолы күйіп қалған. Ал, 1987 жылғы азаматтың басы, қолы мен денесі күйіктен жарақаттанды. Жарақат алған азаматтар жедел жәрдем мамандарына тапсырылып, ауруханаға жеткізілді», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінен 4 қызметкер және 1 техника барды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда қаласында жолаушылар автобусы толығымен жанып кетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: