Мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары заңсыз Қазақстанға өткізілмек болған ресейлік 36 мың дана жұмыртқаны кері қайтарды, деп хабарлайды Жас қазақ.
2021 жылы 11 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының сыртқы бақылау пунктінде ветеринариялық заңнаманы бұза отырып тасымалданған 36 000 дана азық-түлік жұмыртқаларын алып келудің алдын алды. Өнім Ресей Федерациясынан, Орынбор облысынан ЕАЭО талаптарына сәйкес келмейтін ветеринарлық сертификатпен еліміздің ірі қалаларының біріне жіберілген. Заңға сәйкес жүк экспорттаушы елдің аумағына қайта қайтарылды. Бүгінде Қазақстан Республикасында Сыртқы мемлекеттік шекарасында 31 Ветеринариялық бақылау бекеті орналасқан. Ал, Ресей-Қазақстан және Қырғыз-Қазақстан учаскелерінде 32 ветеринариялық бақылау бекеті бар.
Айта кетсек, 2021 жылдың басынан бастап жүк тасымалы барысында ветеринариялық-санитариялық ережелерді бұзғандарға 3 325 380 теңге айыппұл салынды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!